Қызылорда облысының білім басқармасының Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің коммуналдық мемлекеттік мекемесі

10

жылдық тәжірибе

>9 000

түлек

Мәзір

 

Мектеп тарихы
№213 «Қыркеңсе» орта мектебінің тарихы 1968–1969 оқу жылынан бастау алады. Дәл осы жылы ауыл тұрғындарының және білім саласы өкілдерінің қолдауымен мектептің алғашқы іргетасы қаланды. Ол кезде мектеп ғимараты ош-60 типті жатақхана негізінде бейімделіп салынған еді. Мектеп ашылған алғашқы жылы 80 оқушы білім алып, 12 мұғалім еңбек етті. Сол кезеңде 8 сынып комплектісі жұмыс істеп, ауыл балаларының білімге деген ынтасы ерекше болды.
1971–1972 оқу жылында мектеп тоғыз жылдық білім беру мекемесі болып қайта құрылып, өз қызмет аясын кеңейтті. Ал 1972–1973 оқу жылында бөлімшелерден қатынап оқитын оқушыларға жағдай жасау мақсатында 25 орындық бюджеттік интернаты бар, он жылдық орта мектеп болып қайта жасақталды. Бұл өзгеріс ауылдың білім саласындағы үлкен жетістікке айналды.
Мектеп тарихындағы маңызды белес – 1980–1981 оқу жылы. Дәл осы жылы 464 орындық, заманауи үлгіде салынған екі қабатты жаңа ғимарат пайдалануға берілді. Кең, жарық кабинеттер, спорт және еңбек залдарының ашылуы оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыруға мүмкіндік берді.
Жылдар бойы мектепті білікті, іскер, ұжымның абыройын арттырған басшылар басқарды:
  • 1968–1970 жылдары – Төлепбергенов Жорабек, мектептің алғашқы ұйымдастырушысы әрі іргетасын қалаушысы;
  • 1970–1980 жылдары – Шерниязов Әбсаттар, оқу-тәрбие жұмысына жаңа серпін берді;
  • 1980–1988 жылдары – Біләлов Тұрсын, мектептің материалдық базасын нығайтуға атсалысты;
  • 1988–1995 жылдары – Бакиров Нығметулла, ұстаздардың кәсіби деңгейін көтеруге зор үлес қосты;
  • 1995–1998 жылдары – Тасуов Әмит, оқу сапасын арттыруға бағытталған істерді жүзеге асырды;
  • 1998–2009 жылдары – Тоқтыбаев Бақтияр, мектептің беделін көтеріп, көптеген жаңашыл жобаларды енгізді;
  • 2009–2011 жылдары – Ахметов Аллаберген, мектептің оқу-тәрбие жұмысын жүйелі жолға қойды;
  • 2011–2023 жылдары – Елемесов Қалдыбай, білім сапасы мен тәрбие ісінің жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етті;
  • 2023–2025 жылдары – Айменова Күлжан, мектеп ұжымымен бірге оқу-тәрбие процесін заман талабына сай жалғастырды.
2025 жылдың тамыз айынан бастап мектепті тәжірибелі ұстаз, білікті басшы Елемесов Қалдыбай Дүйсенбекұлы қайтадан басқарып келеді. Ол ұжыммен бірлесе отырып, мектептің дәстүрін жалғастырып, сапалы білім мен тәрбиені басты мақсат етіп отыр.
Қазіргі таңда мектепте 71 педагогикалық қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде жоғары білімді – 70, арнаулы орта білімді – 1 маман. Мұғалімдердің кәсіби біліктілік деңгейі де жоғары: педагог-зерттеуші – 14, педагог-сарапшы – 18, педагог-модератор – 26, санаты жоқ – 13. Бұл көрсеткіш мектеп ұжымының кәсібилігі мен үздіксіз дамуға деген ұмтылысын дәлелдейді.
Бүгінде №213 орта мектебі – аймақтың білім беру кеңістігіндегі іргелі оқу орны. Мектеп түлектері еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етіп, өз салаларында абыроймен қызмет атқаруда.
 

Мәзір

Директордың блогы

Фотогалерея

Ауа райы

Алматы Ауа райы

Әлеуметтік желі