Қызылорда облысының білім басқармасының Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің коммуналдық мемлекеттік мекемесі

10

жылдық тәжірибе

>9 000

түлек

Мәзір

Өмірбаян

         Елемесов Қалдыбай Дүйсенбекұлы 1971 жылы 12 наурызда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Әбдіғаппар ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.

1978–1988 жылдар аралығында №213 орта мектепте білім алған. Мектеп қабырғасында жүрген кезінде түрлі қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып, спортпен шұғылданған.

1989–1991 жылдары Кеңес әскері қатарында болып, азаматтық борышын өтеген.

1991 жылы Түркістан индустриялық-педагогикалық техникумына оқуға түсіп, 1994 жылы педагогикалық білім алып шыққан. 2000–2004 жылдары Қазақ-Өзбек гуманитарлық-инженерлік университетінде тарих және география мамандығы бойынша жоғары білім алған.

Еңбек жолын 1994 жылы туған ауылындағы №213 орта мектепте технология пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2004–2007 жылдары осы мектепте педагог-психолог қызметін атқарған. 2007–2011 жылдары Жаңақорған ауданы Кейден ауылындағы №208 орта мектептің директоры, 2011–2023 жылдары Әбдіғаппар ауылындағы №213 орта мектептің директоры, ал 2023–2025 жылдары Жаңарық ауылындағы №167 орта мектептің директоры болып қызмет еткен. 2025 жылдың тамыз айынан бастап Әбдіғаппар ауылындағы №213 орта мектептің директоры қызметін атқарып келеді.

Мәзір

Директордың блогы

Фотогалерея

Ауа райы

Алматы Ауа райы

Әлеуметтік желі